Әлемдегі көптеген университет ішкі этика кодекстері мен академиялық адалдық ережелерін қабылдаған. Бұл кодекстер студент - университет әкімшілігі - оқытушы арасындағы қарым-қатынасты реттейді, білім орнын жемқорлық пен зорлық-зомбылық, плагиат жайлаған мекемеге айналудан құтқарады. Әр студент өз университетінде мұндай кодекстің бар-жоғын тексеріп, тәртіптің сақталуына үлес қосуы керек.